«Футбол сабағы» атты республикалық жобаның семинары өтті.
![«Футбол сабағы» атты республикалық жобаның семинары өтті.](/media/img/blogs/5cb9aca7924e8.jpeg)
2019 жылдың 18 сәуірі Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында «Футбол сабағы» атты республикалық жобаны жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарға футбол орталығының жетекшісінің орынбасары – Асылбаев П.М, дене шынықтыру саласына жетекшілік ететін әдіскерлер мен «Футбол сабағының үшінші сағаты» пилоттық жобасына енген мектеп мұғалімдері қатысты. Жалпы шара бойынша 30 қатысушы қамтылды.