«Футбол сабағы» атты республикалық жобаның семинары өтті.
18-04-2019 17:19
«Футбол сабағы» атты республикалық жобаның семинары өтті.

2019 жылдың 18 сәуірі Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында «Футбол сабағы» атты республикалық жобаны жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарға футбол орталығының жетекшісінің орынбасары – Асылбаев П.М, дене шынықтыру саласына жетекшілік ететін әдіскерлер мен «Футбол сабағының үшінші сағаты» пилоттық жобасына енген мектеп мұғалімдері қатысты. Жалпы шара бойынша 30 қатысушы қамтылды.