Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы «Зерек» жобасының жұмысы бойынша аудандық, қалалық білім беру әдістемелік бірлестік жетекшілеріне облыстың бастауыш сынып мұғалімдеріне Қарағанды қаласындағы №15 жалпы білім беретін орта мектеп базасында семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: білім беру үдерісіне қатысушылар арасында ынтымақтастық ортасын құра отырып, жаңа кешенді білімді бірлесіп іздеу, берілген білімді өз қызметтік іс-әрекеттерінде қолданумен, шығармашылық ойлауды қалыптастыру.
Белсенді оқыту түрлері сыныптан тыс іс шараларда, сабақ барысында қолданылған топтық жұмыс түрлерінде тиімді әдіс – тәсілдер қолданылды.
Қорытындысы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, түрлі тапсырмалар жинағы, әртүрлі жаттығулар жоба бойынша ұсынылды.
Семинарға Абай, Бұқар-Жырау, Жаңарқа, Шет, Қарқаралы, Ұлытау аудандарынан, Балхаш, Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Қаражал, Қарағанды, Приозерск, Шахтинск, Темиртау қалаларынан мұғалімдер қатысты.