Әдістемелік десант
23-04-2019 16:47
Әдістемелік десант

       Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері 2019 жылдың 23 сәуір күні Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының 2019 жылдың 03 сәуір (№01-1/132) хаттамасына сәйкес, Бұқар жырау ауданы «Керней ЖОББ тірек мектебі» базасында ұйымдастырылатын республикалық семинардың іс-жоспарымен танысу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында кеңес жүргізді.

Қарастырылған сұрақтар: 2016-2019 оқу жылына арналған даму стратегиясының орындалу барысы:

  1. Магниттік мектептермен бірлесе атқарылған сессия аралық және сессия кезіндегі атқарылған жұмыстар (тірек мектебінің директоры);
  2. Тірек мектептері (РО) базасында өткізілген оқу сессиясының өткізілуі кезінде туындаған мәселелер және оның шешу жолдары бойынша талдау (тірек мектебінің директоры);
  3. Қосымша білім беру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылуы (тірек, магниттік мектептерінің директорлары) және т.б.