КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
24-04-2019 14:25
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

2019 жылдың 24 сәуірінде «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында студенттер арасында дәстүрлі облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Айта кету керек, байқау осы колледжде екінші жыл ұйымдастырылып, өткізілуде.

Байқауға облыстың 28 колледжінің 63 студенті қатысты.

Байқау екі номинация бойынша өтті: «Өлең –сөздің патшасы», онда қатысушылар ақынның шығармаларын (поэзиясын) мәнерлеп жатқа оқыды, және «Абайдың сөзі – ақылдың көзі»номинациясы, онда Абайдың қара сөздері мәнерлеп жатқа оқылды.

Қазылар алқасының құрамына Теміртау қаласының шығармашылық қайраткерлері және ақын, жазушылар одағының мүшесі Қасым Ертайұлы Ботанов, Тұңғыш Президент тарихи–мәдени орталығының бөлім меңгерушісі Кетебаев Дәуірбек Бердашович және т.б. қонақтар шақырылды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде қазылар алқасы қатысушылардың жақсы дайындығы мен шығармашылық көзқарасын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

- «Өлең –сөздің патшасы» номинациясы бойынша:

1 орын – Сәби Сәулетұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Қасымова Бақытжамал Сағындыққызы.

2 орын – Ахметова Зульфия Ибадатовна, «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Баймуханова Гульшат Уразаевна;

Өмірзақов Айдын Жарылқасынұлы, «Тау-кен индустриалдық колледжі» КММ, жетекшісі Омарова Мейрамкүл Доскеновна.

3 орын – Мусин Муханбетрасул Иргебайұлы,  «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ, жетекшісі Абдуалиева Перизат Дюсенбековна;

Әділжан Бауыржанұлы, әҚарағанды көлік-технологиялық колледжіә КММ, жетекшісі Даулетбаева Жупар Даулетбаевна;

Сагимбекова Дильяра, әҚарағанды технология және сервис колледжіә КММ, жетекшісі Тулегенова Толғанай Бағдатқызы.

- «Абай сөзі-ақылдың қайнар көзі» номинациясы бойынша:

1 орын – Жапаров Дәуіржан Бауыржанұлы, «Тау-кен индустриалдық колледжі» КММ, жетекшісі Шағатаева Бейсенкүл Ұлғасбаевна.

2 орын – Алтынбек Абдрахман, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Омарова Бакыткүл Зинелғабдинқызы;

Темирханова Дарина Нуртаевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Күленбаева Айбарша Исатаевна.

3 орын – Ұмытхат Бірлік Санатұлы, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ, жетекшісі Сембаева Асель Сериковна;

Қожабек Нұрай, «Экономика, бизнес және құқық коледжі ҚҚЭУ», жетекшісі Түсіпбекова Зинаида Ашиковна;

Алибекова Назгүл Нұртайқызы, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК, жетекшісі Төлеген Көңілжан.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.