Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы
26-04-2019 17:11
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы

2019 жылдың 26 сәуірінде «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті.

Отырысқа облыстың 19 колледжінің 24 оқытушысы қатысты.

Отырыс жұмысы аясында колледж оқытушылары «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша Сулейменова Кулянда Адамбековна «Мәтіннің негізгі ойы және мәтін құрылымы» тақырыбында; Траксель Ольга Валентиновна «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Т. Толстой прозасындағы адамгершілік-психологиялық тақырыптар» тақырыбында мастер-класстар өткізді.

Сабақ соңында семинарға қатысқан оқытушылар өз пікірлерін білдіріп, оқытушылардың кәсібилігі мен шығармашылық көзқарастарын, сабақ кезіндегі студенттердің белсенділігін, қолайлы психологиялық климатты және т. б. атап өтті, ұсыныстарын білдірді.

Отырыс соңында ОӘБ төрайымы Легкоконец Елена Васильевна отырысты қорытындылап, 2018-2019 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының қорытындысын жасап, белсенді оқытушыларға алғысын білдіріп, қатысушылар мен оқытушылармен бірігіп 2019-2020 оқу жылына жұмыс жоспарын талқылады.