2019 жылдың 29 сәуірінде "Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК базасында шетел тілдері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті.
Отырысқа облыстың 25 колледжінің 37 оқытушысы қатысты.
Отырыс аясында 12 оқытушы дайындаған мастер-класстар өткізілді, олар 3 топта жұмыс істеді.
Мастер-класстан кейін талқылау өткізіліп, оқытушылар пікірлерімен, әсерлерімен бөлісіп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
Мастер-кластар өткізген оқытушыларға сертификаттар берілді, сонымен қатар белсенді оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Отырыс соңында ОӘБ жетекшісі Карташова Г. А. 2018-2019 оқу жылына арналған ОӘБ жұмысының қорытындысын ұсынды және келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады.