Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық қорытынды семинары
04-05-2019 14:00
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық қорытынды семинары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқуәдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы 76 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық қорытынды семинары өтті. Бүгін облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жылды қорытындылады. "Оқу шаттығы" жобасы, "Бір аймақ –бір кітап акциясы» аясында ұйымдастырылған іс –шараларға талдау жасалынып, ауқымды семинар өтті. Семинарға қала, аудандардан 80 ге жуық әдіскерлер мен мұғалімдерқатысып, керемет өнімдержәрмеңкесінің, ашық тәрбие сағаттары мен түрлі іс -шаралардың, қойылымдар мен музыкалық әдеби бағдарламалардың куәсі болды... Семинарға баршаға танымал актер Қайрат Кемалов, айтыскер ақын, филолог Айтбай Жұмағұлов, ақын Багдат Мубарак, Орталық Қазақстан газетінің тілшісі, ақын Жәлел Қуандықұлы, оқу –әдістемелік орталығы директорының орынбасары Абдикерова Бакытгул Химальдиновна қатысты. Семинар соңында жыл бойы жемісті жұмыс істеген мұғалімдер марапатталып, рефлексия жасалынды.