Үй тапсырмасының көлемі бойынша зерттеу
06-05-2019 17:39
Үй тапсырмасының көлемі бойынша зерттеу

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 2-6 мамыр аралығында үй тапсырмаларының көлемі бойынша зерттеу жүргізілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №182 «Қазақстан Республикасында орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» бұйрықтың орындалуы). Зерттеуге 30 мектеп (2200 оқушы) қамтылды.

Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалалары, Абай, Бұхаржырау аудандарының және мамандандырылған мектеп интернаттарының оқушылары берілген сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сауалнама қорытындысы ББД ОӘО сайтында жарияланады.