Мектептегі өлкетану пәні қызметі арқылы «Рухани жаңғыру»
14-05-2019 16:49
Мектептегі өлкетану пәні қызметі арқылы «Рухани жаңғыру»

2019 жылы 14 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Саран қаласының № 17 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Мектептегі өлкетану пәні қызметі арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты педагогикалық прогрессивті оқыту тәжірибесін көрсету, талқылау және тарату болып табылады.

Семинарда өткізілген Іс-шаралар барысында ашық сабақтар, (Қазақстан тарихы, музыка, қазақ әдебиеті, география), шығармашылық шеберханалар, (ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, Ұлттық өнер, арт-зертхана), мастер-класстар, («Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы», «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл»), стендтік конференция, (мектеп жұмысының бағыттарын таныстыру, туристік - өлкетану жұмысының тұсаукесері, агрономиялық зертхананың тұсаукесері, өлкетану жобаларының тұсаукесері, НЗМ тәжірибесін трансляциялау, Тарихи үлгілеу бойынша қалалық жобаның тұсаукесері) өткізілді.