Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық семинары
14-05-2019 16:52
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық семинары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы,№93 гимназиясының базасында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.

Семинар тақырыбы: «Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

Семинарға аудан және қала, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан  42 мұғалім қатысты.

Семинар барысында айтыскер ақын Аманжол Әлтаевпен кездесу ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығы туралы жобалар қорғалды., Сонымен бірге семинарға профессор, ақын Қойлыбай Асанов, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов қатысып, оқушылар көккейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.