Музыкатанушы Б. И. Қарақұловты еске алуға арналған облыстық конкурс
15-05-2019 16:57
Музыкатанушы Б. И. Қарақұловты еске алуға арналған облыстық конкурс

2019 жылдың 15 мамырында «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК базасында этномузыковед Б. И. Қарақұловты еске алуға арналған «Музыканың қарапайым теориясы»  пәні бойынша облыстық конкурс өтті. Байқаудың мақсаты -педагогикалық ұжымдардың музыкалық-теориялық пәндерді оқытудағы жетістіктерін байқау, оқытудың әдістемелік деңгейін арттыру, оқу орындары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.

Байқауға «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК мен «Жезқазған музыкалық колледжі» КМҚК колледждерінің  теориялық және орындаушылық бөлімдерінің I-III курс студенттері, Қарағанды қаласының мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары қатысты.  Барлығы 33 қатысушы болды. Конкурс жазбаша түрде өткізілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жазбаша жұмыстардың қорытындысы бойынша келесі лауреаттар мен дипломанттар анықталды:

І орын – Саяділқызы Қамила

ІІ орын – Рахимжанов Арман

ІІ орын – Балабаева Аида

ІІІ орын – Душехвастов Клим

ІІІ орын – Насибулина Эльвира

ІІІ орын – Сағынтай Диас

ІVорын – Малик Арина

ІV орын – Бекет Диана

ІV орын – Рахметуллаева Аружан