Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша селектрлік кеңес
15-05-2019 17:37
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша селектрлік кеңес

 2019 жылдың 15 мамыр күні Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «2019 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру» атты селектрлік кеңес өткізді.

Кеңеске қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, көлік бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары қатысты.

 Кеңеске аудандық және қалалық білім беру басқармаларының басшылары; жазғы демалыстарды бақылайтын білім бөлімдерінің мамандары; мектеп директорлары; «Көңілді жаз» Орталықтары мен қала сыртындағы лагерь басшылары қатысты.