«Педагогикалық идея» облыстық әдістемелік материалдар байқауы
14-05-2019 17:43
 «Педагогикалық идея» облыстық әдістемелік  материалдар байқауы

2019 жылдың 14 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық идея» облыстық әдістемелік материалдар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру арқылы физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік және инновациялық қызметін жетілдіру және тарату.

Байқау нәтижесі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

1 дәрежелі диплом –Сергеева Ольга Николаевна, Жезқазған қаласы №26 гимназияның физика пәнінің мұғалімі.

2 дәрежелі диплом –Сулейменова Сымбат Сансызбаевна, Шет ауданы Ш. Батталов атындағы ЖББОМ.

3 дәрежелі диплом – Шокалова Ольга Петровна, Қарағанды қаласы №93 гимназияның физика пәнінің мұғалімі.

Мадақтамамен марапатталды:

Асылбекова Жанила Абдрашевна, Шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі.

Антипова Ольга Анатольевна, Хусинова Роза Рашидовна, Қарағанды қаласы №93 гимназияның физика пәнінің мұғалімдері.

Жусупбекова Сандуғаш Инкарбековна, Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы МЛ физика пәнінің мұғалімі.