«Бейнелі картаны» нәтижелі қолдану
16-05-2019 16:01
«Бейнелі картаны» нәтижелі қолдану

2019 жылдың 16 мамырда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында «Бейнелі карта» жобасының шеңберінде географиялық білім беру жүйесінің жаңаруы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

«Бейнелі карта» жобасында №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Өркен» мамандандырылған мектеп – интернатының география, тарих пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелеріндегі базалық дағдылар мен қабілеттіліктерді интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыстарының әдістемелерімен бөлісті.

№3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының және мамандандырылған «Өркен» мектеп – интернатының төмендегі жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:

Д.К. Баекенов

Ж.К. Акшалова

Н.С. Әлмұқан

Б.А. Жандильдинова

Шеберлік – сыныптар мен коучингтер арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскендер:

Д.К. Баекенов

Ж.К. Акшалова

Н.С. Әлмұқан

Б.А. Жандильдинова

Семинарға келесі аймақтан барлығы 22 мұғалім қатысты: Қарағанды, Теміртау, №1 Білім инновация лицеі, №3 Білім инновация лицеі, Жамбыл атындағы ММИ, Нұрмаков атындағы ММИ, Мұрагер ММИ, Дарын ММИ, МММИ, Абай, Бұқар жырау.