Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жобасы аясында және 2014-2015 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хаттың ерекшеліктерін ескере отырып,Балқаш қаласы білім мекемелерінде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Оқу шаттығы» облыстық жобасы іске асырылуда. Жобаға 3 инновациялық мектеп, 1 лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін мектеп және жалпы білім беретін 1 мектеп жұмылдырылды. Олар: гимназия, №4 орта мектеп, №7 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицейі және лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін №16 орта мектеп.
Осыған орай2015 жылдың 23 сәуір күні «Оқу шаттығы» облыстық жобасы аясында «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназия» базасында «Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру»аймақтық семинар өткізілді. Семинар бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату барысында аймақтағы серіктес мектептермен тәжірибе алмасу мақсатында өтті.
Семинар барысында қатысушыларға жоғарыда аталған бес серіктес мектеп жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын және Бұқар Жырау ауданының серіктес мектептерінің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.