«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жобалық, серіктестік жұмыстарының сәтті форматтары» тақырыбында аймақтық конференция
17-05-2019 17:25
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жобалық, серіктестік жұмыстарының сәтті форматтары» тақырыбында аймақтық  конференция

С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жобалық, серіктестік жұмыстарының сәтті форматтары» тақырыбында II аймақтық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасының заманауи тенденцияларға, оқытудағы парадигмаға негізделген жобалық, серіктестік жұмыстарының сәтті форматтарының басым бағыттарын анықтау және тәжірибе алмасу. 

Пікірлесу ашық алаңы, шеберлік студиясы, форум трибуна, тренинг, шеберлік сағат – жұмыстар түрлері конференцияда орын алды. Конференция бағыттары:

  1. «Басқарушылық менеджмент».
  2. «LS cабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін ендіруарқылы мұғалімдердің зерттеу дағдылары».
  3. «Үш тілде білім берудегі жүзеге асыруда педагогтардың пәндік жәнетілдік құзіреттілігі».
  4. «Рухани жаңғыру құндылықтары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу».