«Адами капиталды дамыту құралдары» семинары
18-05-2019 09:25
«Адами капиталды дамыту құралдары» семинары

2019 жылдың 18 мамырында «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ базасында «Адами капиталды дамыту құралдары» тақырыбында семинар өтуде. 

Семинар бағдарламасында оқытудың тиімді халықаралық әдістері, кәсіби шеберлік байқаулары, оның ішінде WorldSkills, кәсіби стандарттар, білім беру бағдарламаларын кәсіби-қоғамдық аккредитациялау мәселелері қарастырылады.

Семинар жүргізушілері: 

Нысанов А. Т.- «Synergy» ғылыми-зерттеу қорының жетекшісі;

Черных П.- «SkillsCenter» одағының директоры, РФ білім бойынша БҰҰ сарапшысы, Ресейде WorldSkills қозғалысының негізін қалаушы.

Семинарға облыс колледждерінің 109 өкілі қатысуда: WorldSkills аймақтық чемпионатының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бас сарапшылар мен бас сарапшылардың орынбасарлары, ҚО ББД ОӘО ТЖКОБ бөлімі.