23 мамыр күні Балқаш қаласында Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша мектептер арасындағы білім беру байланыстарын тереңдету және нығайту мақсатында білім беру бағдарламалары бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырып, өткізді:
- көптілділікті енгізу
- критериалды бағалау
- білім беру мазмұнын жаңарту
- инклюзивті білім беру
- вариативті курстар (таңдау пәндері).
Іс-шараға Балқаш, Приозерск қалалары, Ақтоғай және Шет аудандарының оқушылары мен педагогтары, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері мен ата-аналар қауымы қатысты.
Шеберлік сыныптарын өткізу аясында ата-аналар мен білім ардагерлері білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша әдістемелік өніммен танысты, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу мәселелері бойынша кеңестер алды.
Бұл күні барлығы 70 шеберлік сынып ұсынылды, нормативтік-құқықтық құжаттарды, әзірленген жиынтық жұмыстарды, әдістемелік материалдарды көшіріп алу аймағы жұмыс істеді.
Шеберлік сыныптарда 2623 қатысушы қамтылды, оның ішінде ата-аналар - 1950, педагогикалық еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер – 100, педагогтер – 573.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі жобалық бағыттары бойынша алаңдар назарға ұсынылды:
- «100 кітап» жобасы;
- «Әлеуметтік тәжірибе» жобасы – «2 апта ауылда», «Ата-ана кәсіпорынында 10 күн», «Баланы жұмысқа ал» және т. б.;
- Әкелер кеңесі мен Аналар мектебі мүшелерінің «Отбасы-тәрбие тамыршысы» тренинг-жұмысы.
Форум қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, «Ұлы дала мұрагерлері» форумының үлкен тәжірибелік мәні бар екенін атап өтті.
Форумның 23 мамырдағы жұмысына Балқаш өңірінің 1100-ден астам оқушылары мен 1500 педагог және 2000-нан астам ата-ана қатысты.