«Ұлы дала мұрагерлері» форумы аясында НЗМ тәжірибесін тарату бойынша шеберлік сыныптар
23-05-2019 12:35
«Ұлы дала мұрагерлері» форумы аясында НЗМ тәжірибесін тарату бойынша шеберлік сыныптар

23 мамыр күні Балқаш қаласында Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша мектептер арасындағы білім беру байланыстарын тереңдету және нығайту мақсатында білім беру бағдарламалары бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырып, өткізді:

  • көптілділікті енгізу
  •  критериалды бағалау
  •  білім беру мазмұнын жаңарту
  •  инклюзивті білім беру
  • вариативті курстар (таңдау пәндері).

Іс-шараға Балқаш, Приозерск қалалары, Ақтоғай және Шет аудандарының оқушылары мен педагогтары, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері мен ата-аналар қауымы қатысты.

Шеберлік сыныптарын өткізу аясында ата-аналар мен білім ардагерлері білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша әдістемелік өніммен танысты, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу мәселелері бойынша кеңестер алды.

Бұл күні барлығы 70 шеберлік сынып ұсынылды, нормативтік-құқықтық құжаттарды, әзірленген жиынтық жұмыстарды, әдістемелік материалдарды көшіріп алу аймағы жұмыс істеді.

Шеберлік сыныптарда 2623 қатысушы қамтылды, оның ішінде ата-аналар - 1950, педагогикалық еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер – 100, педагогтер – 573.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі жобалық бағыттары бойынша алаңдар назарға ұсынылды:

  •  «100 кітап» жобасы;
  • «Әлеуметтік тәжірибе» жобасы – «2 апта ауылда», «Ата-ана кәсіпорынында 10 күн», «Баланы жұмысқа ал» және т. б.;
  •  Әкелер кеңесі мен Аналар мектебі мүшелерінің «Отбасы-тәрбие тамыршысы» тренинг-жұмысы.

Форум қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, «Ұлы дала мұрагерлері» форумының үлкен тәжірибелік мәні бар екенін атап өтті.

Форумның 23 мамырдағы жұмысына Балқаш өңірінің 1100-ден астам оқушылары мен 1500 педагог және 2000-нан астам ата-ана қатысты.