Математика және физика оқытушыларының ОӘБ аясындағы шығармашылық және жобалар көрмесі конкурсы
24-05-2019 11:41
Математика және физика оқытушыларының ОӘБ аясындағы шығармашылық және жобалар көрмесі конкурсы

2019 жылдың 22 мамырында Қарағанды банк колледжінің базасында математика және физика оқытушыларының ОӘБ аясында шығармашылық және жобалар көрмесі конкурсы өтті.  Облыстың 19 колледжінен 25 студент қатысты. I орынды Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері - Кенжебаев А., Уметбаев Р; II орын екі колледждің қатысушыларына берілді: Мұсағұл Г. Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі және Берназарова Л., Қарағанды тамақтану және сервис колледжі; III орынды Оразалы М., Қасымов А. Қарағанды темір жол колледжінен және Тұрсынова К., Қарағанды технология және сервис колледжі өзара бөлісті. Барлық жүлдегерлер алған орындары үшін дипломдар алды, байқауға қатысушылар мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды. Байқау соңында математика және физика оқытушыларының ОӘБ жұмысының қорытындысы шығарылды. 2019-2020 жылдарға арналған ОӘБ жұмысының алдын ала жоспары жасалды.