2015 жылдың 24 сәуірінде «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру щеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Приозерск қаласындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар мақсаты – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту. Оқушылардың дұрыс түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру,оқушыны мәтінді тудырушы автордың көзқарасын түсінуге жетелеу,кітапханаға оқырмандарды тарту.
Семинар барысында қатысушыларға №1 ЖББО, №2 МБК, Өнер және спорт мектебі, №3 Ресей Федерациясының мектептері серіктестерінің жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Аталған семинарда Қазақстан Республикасының атаулы күндеріне қатысты «Жеңістің 70жылдығы», «Қазақстан Республикасы халықтар ассамблеясының 20жылдығы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы» іс-шаралары жан-жақты қамтылды.
Семинарға қатысушылар семинарда серіктес мектептердің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.