Балқаш қаласында «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтті
24-05-2019 14:08
Балқаш қаласында «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтті

23-24 мамыр күндері Балқаш қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату бойынша мектептер арасындағы білім беру байланыстарын тереңдету және нығайту мақсатында «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтті.

Іс-шараға Балқаш, Приозерск қалалары мен Ақтоғай, Шет аудандарының оқушылары мен педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері мен ата-аналар қауымы қатысты.

Форум барысында НЗМ тәжірибесін есепке ала отырып, Балқаш өңірінің әр мектебіне тәрбие мен оқыту нәтижелерінің практикалық-бағдарын күшейтуге, мектеп дамуының қалыптасуы мен жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізгі жобалық бағыттары бойынша барлығы 11 алаң назарға ұсынылды:

  • жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шеберлік сыныптар;
  •  «Шеберлер қаласы»жобасы;
  •  «Bookkrossing»жобасы;
  •  «Қоғамға қызмет етемін»жобасы;
  • «100 күйдің тарихы»жобасы;
  • «Reading Time»жобасы;
  •  «100 кітап» жобасы;
  • «Жастар – Мәңгілік елдің болашағы!» флешмобы;
  • «Әлеуметтік тәжірибе»жобасы- «Екі апта ауылда»;
  • «Әлеуметтік тәжірибе»жобасы- «Екі апта ауылда», «Ата-ана кәсіпорнында 10 күн», «Баланы жұмысқа ал» және т.б.;
  •  «Ұлы дала мұрагерлері» қорытынды концерті.

Форум қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, «Ұлы дала мұрагерлері» форумының үлкен тәжірибелік мәні бар екенін атап өтті.

Форум жұмысына Балқаш өңірінің 2500-нан астам оқушылары мен 2300 педагогтары және ата-аналар қауымынан 5000 адам қатысты.