ТЖКОБ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН «КӘСІПҚОР» ХОЛДИНГІ» КЕАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ
24-05-2019 14:10
ТЖКОБ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН «КӘСІПҚОР» ХОЛДИНГІ» КЕАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

2019 жылдың 24 мамырында «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарының 3 кезеңі аяқталды. Біліктілікті арттыру курстарын өткізудің мақсаты -  колледждердің оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша ТжКОБ ұйымдары басшыларының және инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, практикалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады.

2019 жылдың 13 мамыры мен 24 мамыр аралығында колледждердің директорларының орынбасарлары мен өндірістік оқыту шеберлерін қоса алғанда, 103 оқытушы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.  Курстар келесі 5 білім беру бағдарламасы бойынша өтті.

1. «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру»;

2. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары»;

3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру ерекшеліктері»;

4. «Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпкерлік қызмет және қаржылық-құқықтық сауаттылықты дамыту»;

5. «WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері»;

Ұйымдастырушылардың, жаттықтырушылардың, оқытушылардың бірлескен еңбегінің екі аптасы ТжКОБ жүйесінде оқытудың жаңа принциптері мен әдістемелерін оқытуға бағытталды.