WorldSkills Karaganda аймақтық чемпионатының құзыреттілік орталықтары-колледж директорларының отырысы
28-05-2019 17:13
WorldSkills Karaganda аймақтық чемпионатының құзыреттілік орталықтары-колледж директорларының отырысы

2019 жылдың 28 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында WorldSkills Karaganda аймақтық чемпионатының құзыреттілік орталықтары-колледж директорларының отырысы өтті.

Отырыста құзыреттілік орталықтары базасында WorldSkills Kazakhstan 2019 ұлттық чемпионатына қатысушыларды дайындау, дайындық бойынша жоспарларды әзірлеу қажеттілігі, сондай-ақ WorldSkills Kazan 2019 халықаралық чемпионатына бару бойынша мәселелер шешілді.