Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттарының география және тарих пәні мұғалімдерінің отырысы
29-05-2019 15:12
Қарағанды облысының мамандандырылған  мектеп-интернаттарының география және тарих пәні мұғалімдерінің отырысы

2019 жылдың 29 мамырында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттарының география және тарих пәні мұғалімдерінің қорытынды отырысын ұйымдастырып, өткізді.

Отырыста келесі мәселелер қаралды: бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау әдістемесі, 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп, 2019-2020 оқу жылына арналған даму жоспары. Барлығы 22 мұғалім қамтылды.