ТжКБ ұйымдарының студенттері арасындағы «Жастар-елдің инновациялық дамуының қозғаушы күші» Ғылыми-тәжірибелік конференциясы
29-05-2019 15:15
ТжКБ ұйымдарының студенттері арасындағы  «Жастар-елдің инновациялық дамуының қозғаушы күші»  Ғылыми-тәжірибелік  конференциясы

2019 жылдың 29 мамырында Жезқазған политехникалық колледжінің базасында Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында «Жастар - елдің инновациялық дамуының қозғаушы күші» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыстың 9 колледжінен 29 студент қатысты. Бағдарламаға сәйкес конференцияның пленарлық бөлімінде «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, «TRANCO» КМ әлеуметтік серіктестері, Жезқазған политехникалық колледжінің оқытушылары баяндама жасады. Конференцияның екінші бөлімі үш секциядан тұрды. Секция жұмысында орындар келесідей бөлінді::

1 секция:

1 орын - Кравченко А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК);

2 орын - Алшынбай А. («Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ);

2 орын - Алматов А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК);

3 орын -Хисамов Р. («Заманауи көпсалалы колледжі» ЖММ).

2 секция:

1 орын - Мотков В. («Қарағанды теміржол колледжі» КММ)

2 орын - Койшыбаев А. («Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ)

2 орын - Ракым Е. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)

3 орын - Алдажуманова Ж. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК»)

3 секция:

1 орын - Меркель В. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)

2 орын - Кажмаганбет А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)

Конференция қорытындысы бойынша секция модераторлары жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табыстады.