2019 жылдың 29 мамырында Жезқазған политехникалық колледжінің базасында Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында «Жастар - елдің инновациялық дамуының қозғаушы күші» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыстың 9 колледжінен 29 студент қатысты. Бағдарламаға сәйкес конференцияның пленарлық бөлімінде «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, «TRANCO» КМ әлеуметтік серіктестері, Жезқазған политехникалық колледжінің оқытушылары баяндама жасады. Конференцияның екінші бөлімі үш секциядан тұрды. Секция жұмысында орындар келесідей бөлінді::
1 секция:
1 орын - Кравченко А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК);
2 орын - Алшынбай А. («Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ);
2 орын - Алматов А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК);
3 орын -Хисамов Р. («Заманауи көпсалалы колледжі» ЖММ).
2 секция:
1 орын - Мотков В. («Қарағанды теміржол колледжі» КММ)
2 орын - Койшыбаев А. («Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ)
2 орын - Ракым Е. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)
3 орын - Алдажуманова Ж. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК»)
3 секция:
1 орын - Меркель В. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)
2 орын - Кажмаганбет А. («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК)
Конференция қорытындысы бойынша секция модераторлары жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табыстады.