«Сервис» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
31-05-2019 16:40
«Сервис» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

2019 жылдың 31 мамырында «Қарағанды агротехникалық колледжі»  КММ базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша «Оқу процесіне көптілділік элементтерін енгізудің тиімді тәсілдері» тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. 

Отырысқа облыс колледждерінің 26 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Отырыс барысында Қарағанды агротехникалық колледжінің қызметкерлері өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсынды, атап айтқанда келесі жұмыстар көрсетілді:

- «Қазіргі заманғы маманды даярлаудағы көптілділік» тақырыбында баяндама, Шакирова Т. А., директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

- «Кәсіби ағылшын тілі айналамызда» сөйлеу тюнингі, Бейникова А. В., арнайы пәндер оқытушысы, Симкина Е. В., өндірістік оқыту шебері;

- СLIL әдістемесі бойынша коучинг, Пушечникова О. П., арнайы пәндер оқытушысы;

- «Жұмыс дәптері - студенттердің белсенділігін арттыру құралы ретінде» көптілділік элементтерімен әдістемелік көпір,  Галунова А. В., арнайы пәндер оқытушысы;

- әдістемелік көрме, Лебедева Н. В., А. И. Задорожная, С. В. Мусина, А. И. Чернова, өндірістік оқыту шеберлері.

Одан әрі «Молекулярлық гастрономия – болашақ асүйі»  атты бейнероликтер байқауының қорытындысын шығару мақсатында өндірістік оқыту шеберлері, «Саран техникалық колледжі» КММ  И. С. Астахова және Е. С. Воронина сөз сөйледі.

Отырыс соңында ОӘБ төрайымы Горбатюк Н. Н. ағымдағы оқу жылындағы ОӘБ жұмысының қорытындысын шығарды және келесі оқу жылына арналған ОӘБ жұмысының алдын ала жоспарын қатысушылармен талқылады.

Өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынған барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.