Колледж директорларының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы
31-05-2019 12:17
Колледж директорларының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 31 мамырында «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі базасында колледж директорларының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс - шараның мақсаты – сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру. Отырысқа өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Дуалды оқыту, атап айтқанда тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыру және оқыту мәселелері қаралды.

ӨКП атынан дуалды оқытуды дамытудың өзекті мәселелері туралы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Оспанова К. А. баяндады.

«Жұмыс берушінің талабы бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін «Қазақмыс» политехникалық колледжі директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Е. А. Гордеева ұсынды.

Дуалды оқыту аясында өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені ұйымдастыруды колледж директоры А. Ш. Сыздыкова және Kazakhmys Maker ЖШС филиалының дәнекерлеу жұмыстары жөніндегі инженері А. О. Баядил таныстырды.

Тәлімгерлік тәжірибесі семинардың теориялық бөлімінде де, «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарына экскурсия шеңберінде де көрсетілді.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар тәлімгерлердің студенттердің төрт біліктілік бойынша дайындалуының бақылау кесіндісін өткізуін қадағалай алды. Практикалық жұмыстарды бағалау алдын ала әзірленген өлшемдер бойынша жүргізілді.

Іс-шара соңында рефлексия өткізіліп, келесі оқу жылына арналған ОӘБ жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды.