Облыс колледждерінің бірінші курс студенттеріне арналған «Логика» математикалық ойыны
03-06-2019 15:51
Облыс колледждерінің бірінші курс студенттеріне арналған «Логика» математикалық ойыны

2019 жылдың 3 маусымында «Қарағанды теміржол колледжі» КММ базасында облыс колледждерінің бірінші курс студенттеріне арналған «Логика» облыстық математикалық ойыны өтті. Ойынға 24 колледжден 48 студент қатысты. Ойын екі турдан  құралды:

1 кезең – «Логикалық есептер»,         

2 тур – «4 сурет 1 сөз». 

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды - Жақаба Бекбарыс пен Козлов Владислав, жетекшілері - Умиртаева Г. Т., Амантаева М. К («Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК»); 

2 орын - Уразов Самат и Пя Георгий, жетекшісі - Малгелді Ж. М. («Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ);

3 орын - Шошанов Нургалым және Круглов Александр, жетекшісі-Галимова Н. А. («Абай көпсалалы колледжі» КМҚК).

Сонымен қатар «Командалық жұмысы үшін» номинациясында Серік Айбота және Ильгова Лидия дипломмен марапатталды, жетекшісі - Ахметова А. Ж., Спабекова Б. А. («Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ) және «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында Максимов Павел және Торчилов Вячеслав, жетекшісі - Лопатина Н. марапатталды. («Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ). Қалған студенттер қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.