Колледж студенттерінің «ATAMEKEN FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА қатысуы
05-06-2019 16:34
Колледж студенттерінің «ATAMEKEN FEST»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА қатысуы

2019 жылдың 5 маусымында елордамыз жас кәсіпкерлерді тарту орталығына айналды.

Атameken FEST - бұл жас және табысты кәсіпкерлер жиналған алаң.

Atameken FEST форумының хэдлайнері - вайнер және Yuframe жобасының қатысушысы Арман Юсупов болды. Форум видеоконференцбайланыс форматында өтті.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Э. Жумагазиев спикер болды, ол «Бастау» жобасының іске асырылуы туралы айтты, сондай-ақ  «Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Умут Шаяхметова спикер ретінде сөз сөйледі.

Форумға Қарағанды қаласының 6 колледжінің студенттері қатысты.