Мамандандырылған мектеп-интернаттарының ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-06-2019 15:15
Мамандандырылған мектеп-интернаттарының ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 11 маусымында Нұрмақов ММИ базасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», «Өркен», Н.Нұрмақов атындағы, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың мұғалімдері қатысты. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Жиынтық бағалаудың дұрыс әдіс-тәсілдері;
  • Оқушылардың мотивациясын арттыру мақсатында 7-8 сыныптарда ағылшын тілі сабақтарында PBL қолдану.
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі;
  • 2019-2020 оқу жылындағы мамандандырылған мектеп-интернаттардың БӘ жұмыстарын дамыту перспективалары.