Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-06-2019 16:18
Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 11 маусымында Нұрмақов және «Мұрагер» ММИ базаларында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттардың химия, биология, пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың мұғалімдері қатысты. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Жиынтық бағалаудың дұрыс әдіс-тәсілдері;
  • Химия -биология пәндерінен тәжірибелік жұмыстар;
  • «Химия ағылшын тілінде» элективтік курсының бағдарламасын талқылау;
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі;
  • Үлгілік оқу жоспарының жобасын талқылау.