Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-06-2019 16:21
Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 11 маусымында Нұрмақов ММИ-ның базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысын өткізді. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  •  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтетін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің форумы туралы (идеялар)
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі;
  • Үлгілік оқу жоспарының жобасын талқылау т.б

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», «Өркен»,  Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім инновация лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттарының 19 мұғалімі қатысты.