Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-06-2019 17:40
Мамандандырылған мектеп-интернаттары мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 11 маусымында Нұрмақов ММИ базасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім Инновация Лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 13 мұғалімдері қатысты. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Жиынтық бағалаудың дұрыс әдіс-тәсілдері.
  • Орыс тілі және әдебиеті бойынша құрастырылған облыстық авторлық бағдарламалар байқауының қорытындысы.
  •  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтетін орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің форумы туралы (идеялар).
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі.
  • Үлгілік оқу жоспарының жобасын талқылау.