«Құқық»бағыты бойынша ОӘБ отырысы
14-06-2019 16:29
«Құқық»бағыты бойынша ОӘБ отырысы

2019 жылы 13 маусымда Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж базасында "Құқық"бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті.

Отырысқа облыстың 9 колледжінің құқық  пәндерінің оқытушылары қатысты.

 Отырыс барысында оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті:

-К. Ж. Қойшыбаева, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы "Студенттердің оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі" тақырыбы бойынша сөз сөйледі»;

- А. Д. Конакбаева  «Қарағанды«Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушысы, тақырыбы "Колледж жағдайында критериалды бағалауды іске асыру".

Бұдан әрі, ҚО ББ ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері А. А. Кнашина облыстық "Үздік оқу-әдістемелік әзірлеме" конкурсының 2 сырттай турының қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттады:

- "Заң пәндері бойынша үздік сабақ әзірлегені үшін" дипломмен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушысы А. Г. Альмухаметова марапатталды.;

- "Заң пәндері бойынша Үздік оқу-әдістемелік кешен" дипломымен ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің оқытушысы

 Г. Ш.Өмірбекова  марапатталды.

Отырыс соңында ОӘБ басшысы А. Д. Қонақбаева 2018-2019 оқу жылына арналған ОББ жұмысын қорытындылап, келесі оқу жылына арналған ӘББ жұмысының алдын ала жоспарын талқылады.