«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
14-06-2019 16:37
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

2019 жылдың 14 маусымында "Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КММ базасында «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 13 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Отырыс барысында бағдарламаға сәйкес "Тұрақты және оң нәтиже алу үшін дәнекерлеушілерді оқыту технологияларын, формаларын, әдістерін, құралдарын кәсіптік оқытуға енгізу" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар, WorldSkills-Karaganda-2019 аймақтық чемпионатының «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреті бойынша нәтижелері талқыланды.

Отырыс соңында ОӘБ басшысы Г. Е. Михайлова 2018-2019 оқу жылындағы ОӘБ жұмысын қорытындылап, келесі оқу жылына ОӘБ жұмысын жоспарлау жобасын қатысушы әріптестермен талқылады.

Барлық қатысушыларға дөңгелек үстел жұмысына қатысқаны үшін сертификаттар берілді.