Қарағанды облысы мамандандырылған мектеп-интернаттары директор орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы
17-06-2019 09:31
Қарағанды облысы мамандандырылған мектеп-интернаттары директор орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылдың 17 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы аймақтағы мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік бірлестіктің отырысын өткізді.

Кездесу барысында «№1, 2, 3 білім-инновация» лицей-интернаттарының 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының талдауы тыңдалды.

ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Б.Х. Абдикерова НЗМ іс-тәжірибесін тарату мақсатында өтетін «Ұлы дала мұрагерлері» республикалық форумына дайындық жұмыстары және негізгі назарға алынған жобалар туралы пікірімен бөлісті.

Жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Г.Г. Мукашева авторлық бағдарламаларын қорғап шыққан мұғалімдер жөнінде және ММИ мұғалімдерінің конкурстарға, форумдарға, ҒТК, семинарларға қатысуы туралы айтты.

Кездесу соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстарын ортаға салды