WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша «Мейрамхана қызметі» құзыретінен демонстрациялық емтихан
21-06-2019 16:28
WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша «Мейрамхана қызметі» құзыретінен демонстрациялық емтихан

2019 жылы 21 маусымда Қарағанды коммерциялық колледжінің базасында WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтті.

Демонстрациялық емтихан 1226000 «Кәсіпорын өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің білімі мен дағдыларын анықтау үшін «Күрделі тағамдарды дайындаудың технологиялық процесі» 3 Модулі бойынша өткізілді және емтиханынды табысты тапсырған жағдайда оларға «4-разрядты даяршы» біліктілігі беріледі.

Колледж директоры, «Аспаз ісі» біліктілігі бойынша халықаралық сарапшы Бабенко Роза Яковлевна құттықтау сөз сөйлеп, осы демонстрациялық емтихандарды өткізудің маңыздылығын айтып, студенттердің, қонақтардың жұмысын бағалайтын сарапшылар құрамын ұсынды.

Шақырылған қонақтар ретінде ҚО ББ ОӘО әдіскерлері, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер-жұмыс берушілер, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Демонстрациялық емтиханды колледж оқытушысы, ұлттық чемпионаттардың жеңімпаздарын және халықаралық чемпионаттардың қатысушыларын дайындаған аймақ сарапшысы А. С. Климова өткізді.

Студенттердің жұмысын 9 сарапшы бағалады, оның құрамына аймақтық және Ұлттық чемпионаттардың сарапшылары (Чайка Л. Г., Лактионова Е. В., Черная Е. В. Байгуттинова К. С.), чемпионаттардың қатысушылары мен жеңімпаздары-колледж түлектері (Туманов А. В., Свечкарь А. Д.), колледждің арнайы пәндер оқытушылары (Гусева С. И., Елюбаева А. А.). Бас сарапшы болып Ким С. Ф. – 2017 ж.Ұлттық чемпионатының бас сарапшысы, Краснодар қ. чемпионатының сарапшысы, "Самхан"кафесінің иесі.

Сондай – ақ алаңда тәуелсіз сарапшы ретінде Кемерово мемлекеттік университетінің «Технологиялық жүйелердің машиналары мен аппараттары» кафедрасының доценті, аккредиттеу комиссиясының мүшесі Рензлев О. П. жұмыс істеді.

Студенттер өткен жылдардағы ұлттық және халықаралық чемпионаттардың тапсырмалары негізінде әзірленген модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Студенттер жұмысын CIS бағалау жүйесі бойынша сарапшылар бағалады. Соңында көрсету емтиханының қорытындысы шығарылып, баллдар бойынша жеңімпаздар анықталды, одан кейін баллдар бағаға ауыстырылды, «4-ші дәрежелі даяршы» біліктілігін беру үшін студенттерге бағалар қойылды.