«Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметі: қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны» оқыту семинары
25-06-2019 08:44
«Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметі: қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны»  оқыту семинары

2019 жылғы 25 маусымда Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып,жоғары сыныптарда элективті курстарды ұйымдастыру және өткізу мақсатында «Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметі: қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны»  оқыту семинарын өткізді. Семинарға жалпы орта білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың 25 тарих пәні мұғалімдері қатысты.