29 сәуірде Қарағанды көпсалалы колледжінде «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы математика және физика пәндерін оқытудағы шығармашылық ізденіс және жаңашылдықтар» атты облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өтті.
Отырыс төмендегідей тәртіппен өтті:
· Физика пәні бойынша интеллектуалдық ойынды өткізу жөнінен мастер класс «Атом құрылысы. Бор постулаты. Атом энергиясының шығылуы және жұтылуы»
(оқытушы Карагаева М.Б)
· Сабақтан тыс ашық іс-шара: «АКТ-ның математика сабағында қолданылуы» (оқытушы Исаева А. Қ.)
· «Жобалық іс-әрекет арқылы студенттердің өзіндік жұмыс жасауын дамыту» (Қарағанды медициналық колледжі)
· Студенттердің өзіндік бағытталуындағы жүйелік қалыптасу факторы, ғылыми-техникалық шығармашылықтың негізі» (Қарағанды бизнес колледжі)