Жастарды кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру , сондай-ақ үздік тәжірибені анықтау және тарату мақсатында 2019 жылдың 1 сәуірі мен 1 маусымы аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру кабинеттерінің байқау-конкурсы өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 13 жұмысы, колледждердің 18 жұмысы түсті.
Байқау критерийлері:
- кәсіби бағдар кабинетін эстетикалық безендіру (фото);
- Көрнекі құралдар мен иллюстрацияланған материалдар (фото).
- мектептің немесе кәсіптік бағдар кабинетінің кәсіптік бағдар беру жұмысының бағдарламасы;
- Мамандықтар әлемі, оқу орындары, кәсіпорындар туралы Кәсіптік бағдар беру ақпараттық базасы;
- кәсіптік бағдар беру шаралары: кездесулер, экскурсиялар, сынып сағаттары (фото және видео материал), кәсіби сынамалар;
- жүйелі кәсіптік диагностика;
- кәсіптік бағдар бойынша оқушылардың портфолиосын жүргізу.
- барлық қойылатын талаптарға сәйкес конкурстық жұмысты ресімдеу.
Қорытындысы:
-жалпы білім беретін мектептер арасында :
Бірінші орын: Жезқазған қаласының "№ 13 орта мектебі" КММ;
Екінші орын: Осакаров ауданы Молодежный кентінің " № 23 ОМ Тірек мектебі (ресурстық орталығы)" КММ.
Үшінші орын: Қарағанды қ. "№101 мектеп - лицей" КММ;
-колледждер арасында:
Бірінші орын: "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК.
Екінші орын: "ҚР Халық қаһарманы Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі"КМҚК.
Үшінші орын: "Нұра көпсалалы колледжі" КМҚК; "Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі" ЖМ.