Қосымша білім беру педагогтеріне арналған жұмыс барысындағы жиналыс
20-08-2019 10:52
Қосымша білім беру педагогтеріне арналған жұмыс барысындағы жиналыс

2019 жылдың 20 тамыз күні «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК қосымша білім беру педагогтеріне арналған жұмыс барысындағы жиналыс өткізілді.

Жиналысқа ғылыми-техникалық, туризм, экология және биологиялық, музыкалық және көркемдік бағыттағы облыс бойынша әдістемелік бірлестіктердің басшылары қатысты. Кездесу барысында қосымша білім беру саласындағы шешуі қиын мәселелер қаралып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды.