Размер шрифта:
Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс кеңесі
13-09-2019 10:46
Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс кеңесі

   2019 жылдың 13 қыркүйегінде  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «2019-2020 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері» атты жұмыс кеңесі өтті.

   Кеңес жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы мен педагог- психологтардың жұмысына жетекшілік ететін мамандары, облыстық мамандандырылған мектеп- интернаттардың тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.

   Жұмыс барысында Қарағанды облысының тәрбие жұмысы жүйесіндегі өзекті мәселелер қаралды:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;

- Жастар ортасында нашақорлық пен токсикоманияның алдын алу;

- Білім саласындағы медиация;

- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын алдын алу. АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС алдын алу;

- Балаларға арналған қосымша білім беруді дамытудың болашағы.

  Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар 2019-2020 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қабылдады.