2019 жылдың 13 қыркүйегінде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «2019-2020 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері» атты жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы мен педагог- психологтардың жұмысына жетекшілік ететін мамандары, облыстық мамандандырылған мектеп- интернаттардың тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.
Жұмыс барысында Қарағанды облысының тәрбие жұмысы жүйесіндегі өзекті мәселелер қаралды:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Жастар ортасында нашақорлық пен токсикоманияның алдын алу;
- Білім саласындағы медиация;
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын алдын алу. АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС алдын алу;
- Балаларға арналған қосымша білім беруді дамытудың болашағы.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар 2019-2020 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қабылдады.