Мектептегі медиация қызметі
17-09-2019 08:28
Мектептегі медиация қызметі

    2019 жылдың 17 қыркүйек күні Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Мектеп медиациясы қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» семинар-кеңесі өтті.

    Семинар жұмысына білім беру ұйымдарының педагогтері, «Білім берудегі медиация – даусыз ортаны құру жолы» пилоттық жобасы аясында оқытудан өткен тыңдаушылар; кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

   Семинар-кеңесте «Мектептің медиация қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдамасы таныстырылды.