Размер шрифта:
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы
24-09-2019 16:57
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы

   2019 жылдың 24 қыркүйегінде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық конкурсының күндізгі кезеңі өтті.

   Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.

   Байқау 3 кезеңнен тұрды: сырттай, қашықтық және күндізгі.
   
   Қарағанды ​​облысының 18 аймағынан 20 жұмыс қарастырылып, әділқазылар алқасымен ең жақсы 7 жұмыс таңдалып алынып, олардың авторлары панорамалар 
мен кескіндерді өңдеуде өз шеберліктерін көрсетті. Бұл Балқаш, Жезқазған, Саран, Қарқаралы және Абай аудандарының командалары.
   
   Барлық жұмыстар Қарағанды ​​облысының картасында көрсетілген және kartakrg.kz сайтында жарияланған.         
Күндізгі кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар:      

І орын – Саран қаласының №1 ОМ КММ «Спарта» командасы; 

II орын – Балқаш қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ «Ақ желкен» командасы;

Жезқазған қаласының № 13 ЖОББМ «Қазына» командасы;

ІІІ орын – Абай ауданының «Жұлдыз» МБК командасы.

   Барлық күндізгі бөлімге қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
   Айта кету керек, бұл жоба жыл сайын жүзеге асырылмақ.