«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы.
30-09-2019 09:26
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы.

   2019 жылдың 30 қыркүйегінде "Кaраганды көлік-технологиялық колледжі" КММ базасында «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

   Отырысқа облыс колледждерінің 20 оқытушысы қатысты.

   Кaраганды көлік-технологиялық колледжінің директоры Балабеков Рашад Керімбайұлы құттықтау сөздерінен кейін ОӘБ басшысы Көпбаев Н. Т. сөз сөйледі.

   Бағдарламаға сәйкес «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Б. М. Асанов сөз сөйледі.

   Келесі мәселе бойынша ОӘБ басшысы Н. Т. Көпбаев «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ жұмысын ұйымдастыру туралы толық ақпарат ұсынды.Одан әрі барлық қатысушылар «автокөлік» бағыты бойынша техникалық шығармашылық көрме конкурсының нормативтік құжаттарын қарап, талқылады.

   Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ОӘБ басшысы Н. Т. Көпбаев отырыстың қорытындысын шығарды.