Семинар
«Бастауыш сынып оқушыларын кітапты оқыту арқылы мәдени оқу және оқырман қызығушылығы деңгейін көтере отырып, жеке тұлғаның бойында адами құндылықтың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру»
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жобасы аясында және 2014-2015 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хаттың ерекшеліктерін ескере отырып,Жезқазған қаласы білім мекемелерінде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Оқу шаттығы» облыстық жобасы іске асырылуда. Жобаға 1мектеп-лицей, 1 гимназия 1 жалпы білім беретін мектеп жұмылдырылды. Олар: 26 гимназия, №1 орта мектеп, №7 мектеп-лицей.
Осыған орай2015 жылдың 12 мамыр күні «Оқу шаттығы» облыстық жобасы аясында «№7 мектеп-лицей», № 26 гимназия, №1 орта мектеп базасында«Бастауыш сынып оқушыларын кітапты оқыту арқылы мәдени оқу және оқырман қызығушылығы деңгейін көтере отырып, жеке тұлғаның бойында адами құндылықтың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру»
аймақтық семинар өткізілді.Бастауыш сынып оқушыларын кітапты оқыту арқылы мәдени оқу және оқырман қызығушылығы деңгейін көтере отырып,жеке тұлғаның бойында адами құндылықтың түйінді құзіреттілігін қалыптастырып, мәдени жеке құндылық ретінде оқу сұранысын арттыру, ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату,оқырман қызығушылығы мен оқырман сауаттылығын дамыту барысында аймақтағы серіктес мектептермен тәжірибе алмасу мақсатында өтті.
Семинар барысында қатысушыларға жоғарыда аталған үш серіктес мектеп жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын атап өтті.